Жыл басынан өңірде 3146 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Қазір 4 тоқсанға құжат қабылдау басталды. Талаптары қандай? Толығырақ тілші әңгімесінде.

Атаулы әлеуметтік төлемді отбасының жалпы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда ғана тағайындалады. Қазір 4 тоқсанға құжат қабылдау жүруде. Айта кетейік, өңірде 13 300 азамат мемлекеттің бұл қаржылық демеуіне қол жеткізген.

Төлемнің мөлшері отбасы жағдайына байланысты. Бұған қоса, күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегі үнемі өзгеріп отырады. Сондай-ақ әр тоқсан сайын үміткерлердің құжаттары қайта қарастырылып, тағайындалады.

ӘЙГЕРІМ ТОҚПАНҚЫЗЫ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ. ЕА