«Ертіс» музейінде «Ботай» ұлы дала мәдениеті атты көрмесі ашылды. Солтүстік Қазақстан облысының музейлер бірлестігі әкелген көрмелер топтамасы көшпенділер өркениетінің эстетикасын көрсетеді.
Көрменің ашылу салтанатына зиялы қауым, мәдениет өкілдері ат салысты. Қонақтардың қадамына құтты болсын айтылды. Әсем ән әуеледі, СҚО-тының музейер бірлестігінің басшысына құттықтау хат табысталды.
Есіл бойынан Ертіс бойына әкелінген көрме көшпенділер өркениеттің ерте дәуірдегі эстетикасын көрсетеді. Көбі «Ботай» қонысынан табылған жәдігерлер. Сонымен қатар, осынау мәдениеттің көркем бейнеге айналған туындылары да қойылған.
«Ботай» мәдениеті ежелгі дәуірлерден сыр шертеді. Есіл бойындағы ескі қоныс бүгінде қазақ халқының қастерлі орны. Осы жерден табылған жәдігерлер арқасында ең алғаш жылқыға ноқта салған халық қазақ екендігі әлемге белгілі болды.
Көрме бір ай уақыт бойы облыс жұртшылығына ұсынылады.
ЖАНАСЫЛ СЕРІКБОЛ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК ЕА