Павлодарлық тәрбиеші еліміздегі ең үздік мектепке дейінгі ұйымның педагогы атанды. Үздік үштікке енген тәрбиеші қайда жұмыс істейді? Еңбек жолындағы әдістемелері қандай? Келесі сюжетке зер салайық.

Мақпал Сырымбаева қаламыздағы №8 балабақшада тәрбиеші болып 10 жылдан бері жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде екі топты шығарып, қазір ересек топты оқытып жатыр. Мектепке кейінгі ұйымның үздік педагогы тәрбиешінің мақсат-міндеттерімен бөлісті.

МАҚПАЛ СЫРЫМБАЕВА, №8 БАЛАБАҚШАНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ

Бізде арнайы балабақшада үлгілі бағдарлама бар. Осы арқылы ойын арқылы балаларға білім береміз. Бүгін не үйретем деген мақсатпен келеміз. Сол мақсатты жүзеге асырамыз күні бойы.

Тәрбиеші өте ауыр әрі қызықты мамандықтардың бірі. Тәрбиеші тек баланың іс әрекетін күні бойы қадағалап қана қоймай, оны жаңа нәрсеге бейімдеу, ұлттық код негізінде тәрбиелеу, мектепке дайындау сынды дүниелермен айналысады. Әлбетте ол бір уақытта педагог, тәрбиеші болып қана қоймай шығармашылық адамға айналып кетеді.

МАҚПАЛ СЫРЫМБАЕВА, №8 БАЛАБАҚШАНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ

Тәрбиеші тек қана балаларға білім беріп қана қоймай, тәрбие береміз. Шығармашылық адамыз, шығармашылық адамда құлдырау болмайды. Бақша ішілік жұмыстарды жүзеге асыру боп шығады.

Кейіпкеріміздің өз мамандығын сүйетіні байқалып тұр. Балаларға деген махаббаты да ерекше. Басшылық пен ата-аналардың талабына қарамастан шын жүрегіңмен бала тәрбиелеу оңай дүние емес екені сөзсіз. Сүйген, өзің таңмен асыққан мамандықтың нәтижесі де жоғары.

МАҚПАЛ СЫРЫМБАЕВА, №8 БАЛАБАҚШАНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ

2018 жылы үміт наминациясын алдым. Биыл үш кезеңнен өтір. «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы байқауынан қалалық кезеңнен гран при ұтып, облыстықта бас жүлде алып, республикада 3 үшінші орынға ие болдым.

Мақпал Сырымбаева баланы бірнеше бағытты ұштастыра тәрбиелейді.

МАҚПАЛ СЫРЫМБАЕВА, №8 БАЛАБАҚШАНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ

Әр педагогтың жұмыс істеу жолы, әдісі болады. Жылдан жылға әдістер шығып жатады. Біз оны қолдан жасаймыз. Жаңартып отырамыз десекте болады.Өзім дизайндарды өзім жасаймын. Өйткені тек қана столда отырмайды. Яғни кеңістікте істей аламыз. Мен өз әдістерімді қолданам десем болады.

Әрине әр саланың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Осы ретте балабақшадағы тәрбиешілердің еңбегін елеп ескерген абзал. Себебі олар елдің болашағы, біз бен сіздің балаларымызды тәрбиелеп отырған жандар.

Самал Қалиқызы