Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер, зейнеткерлер арасында 6 номинация бойынша байқау ұйымдастырылды. Оған 20-дан астам ұжым қатысты. Бұл туралы толығырақ келесі сюжетте.

Жеңіс күніне арналған әндер топтамасы осылай басталды.

Әбжан Шахматалиев, №6 Шағын ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Бүгін осы шаңырақта бүкіл шағын аудандар, аулдық жерлер ұйымдардың ардагрелері келіп отыр. «Ертіс әуендері «бар, ол барлық жерлерге барып, осыны көрсетеді. 17 күні жалпы гала концерт болады.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Мәңгілік есте» облыстық байқауы жарияланды. Оған қаланың ардагерлері белсенді қатысты. Олар ән айтып, өлең оқып, көрмеге қолөнер бұйымдарын қойды.

Марина Фесикова, Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің орынбасары:

Барлық шағын аудандарда өзінің байқаулары өтті. Енді қалалық кезең өткізіліп жатыр. Онда 6 аталым бойынша 28 ұжым қатысады. Оның ішінде қолданбалы өнер, хормен ән айту, соло жеке ән айту, аспаппен өнер көрсету бар. Үздік қатысушылар гала концертте өнер көрсететін болады. Ол 17 қазанда өтеді.

Бүгінгі байқауға 300-ге жуық ардагер қатысты. Олардың ішінде 100-і әділ қазылар алқасы алдына шығып өнер көрсетті.

Сәуле Қабиденова, «белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының мүшесі:

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына биыл 3 жыл. Соған қатысты өзібіздің топ аты Шабыт. Шабытта дайындаламыз.

Қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды, ең үздіктер гала концертке қатысады. Сол жерде кіл мықтылар іріктеліп, келесі жылы Жеңіс күні қарсаңында өтетін облыстық кезеңде өнерлерін көрсетеді.

Самал Қалиқызы