Өңірде жұмыс іздеп жүрген азаматтар саны 1,4 пайызға азайған. Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында түрлі жаңа жобалар іске аспақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Облыстың еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%. Биыл 23,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 16,4 мың азамат тұрақты орналасты. Сондай-ақ, 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жарияланғы белгілі. Оның аясында танымал және сұранысқа ие кәсіптерді оқытатын «Табысқа жету дағдылары» атты жобалар бастау алмақ.

Бұған қоса, «Жастар тәжірибесі» аясында 1300-ден астам маман тәжірибеден өткен екен. Сондай-ақ, облыста 6 мыңға жуық қандас тұрады. Қоныс аударып келгендердің ішінде 145 адамның жоғары білімі, тағы 140 адамда орта білім және 187 адам техникалық және кәсіптік білімі бар. Оларда нәпәқә тауып еңбек етуде.

Альмира Дисюпова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың басшысы:

Ең біріншіден жұмыс күші ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күшін артық өңірлерден жұмыс күші жетпейтін өңірдерден көшу үшін аранйы бағдарлама енгізілген болатын. Ол үшін бізде арнайы квота бөлінген, ол қандастарға арналған. Біздің өңірде іске асырылуда.

Сондай-ақ, биыл өңірге 591 отбасы көшіп келген. Оның ішінде 989 азаматтың қандас мәртебесі бар. Қазір 751 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Білім беру, медицина және ауылшаруашық саласында еңбек етеді. Бұдан бөлек 54 адам жеке кәсіппен айналысады. Сала маманының айтуынша, көшіп келгендердің тек 5 пайызы ғана тұрақтанып қалмайды екен. Сондықтан берілетін өңірлік квотаны, барлық материалдық көмекті қайтаруы тиіс.

Альмира Дисюпова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың басшысы:

Көбінесе келген қоныс аударушылардың ішінде ішкі қоныс бойынша Түркістан, Жетісу бар. Ал қандай мәртебесімен Моңғолия,Қытай,Өзбестан, Түркіменстан елінен келген. 2023-2024 жы мен бүгінгі күнге дейін осы өңірлік квотаға 6 мың азамат кірген, оның ішінде 5 пайызға жуық әлеуметтік контракт бұзған азаматтрымыз бар. Оларға мансап орталығының жұмыскерлерімен барлық берілген материалдық көмекті қайтаруға жұмыс істелініп жатыр. Павлодар облысында кемінде 5 жыл тұрақты түрде тұруы керек.

Айта кетейік, халықтың әлеуметтік осал топтары да еңбекке қамтылған. Өңірде жұмыспен қамту тұрақты, әрі келер жылы жаңа жобалар іске асырылады.

Қымбат Садық