Жылыту маусымы басталғалы өңірдің жеке тұрғын үй секторында 7 өрт оқиғасы тіркелді. Мамандардың айтуынша бұған себеп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауын болып отыр. Осы орайда төтеншеліктер осал топтағы азаматтар мекендейтін жерлерге барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Толығырақ тілші әңгімесінде.

  Бұл облыс орталығында қараусыз қалған ғимарат. Күн суытқан соң үй күйі жоқ адамдар бұл жерді паналайды. Жылыну үшін от жағады. Бірақ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайды. Бұл көрініс бұған дәлел. Полиция және өрт сөндірушілер келген уақытта, ұйықтап жатты. Ал бұл жанып тұрған от үлкен өртке әкелуі мүмкін. Бұл азамат аты-жөнін атамауын өтінді. Өзі сиқты кезбелермен мында тұрады екен.

Бұл адамдардың өмірлік жағдайы әртүрлі. Бірі жұмысынан айырылып, баспанасыз қалса, енді бірі ішімдікке салынып кеткен. Алдын алу шарасының мақсаты, бұл осал топтағы азаматтардың өміріне бей-жай қарамай, қол ұшын созу.

Арман Арын, Павлодар қаласы ТЖБ бас маманы:

Рейдтің басты мақсаты тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдарды анықтап, Олармен түсіндурі жұмыстарын өткізу. Өмірлік қиын жағдайға тап болағн түрлі жарақаттар алады.

Айта кетейік рейд жергілікті полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылды. Оның барысында 7 адам бейімдеу орталығына орналастырылды. Мұнда олар жаз мезгіліне дейін тұра алады.

Әйгерім Тоқпанқызы