Павлодарда балалар үйінің тәрбиеленушілерін күтушілері ұрып соққан. Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Орталықтағы балалардың ақыл есінде ауытқуы бар. Сондықтан әрдайым өзгенің көмегіне мұқтаж.
Балалар үйіне тексеру жүргізген облыстық прокуратура бірқатар былықтың бетін ашты. Олардың айтуынша, бұл жағдай бұған да дейін де қайталанған. 2020 жылы балаларды ұрып соғудың 17 дерегін анықтаған. Сол уақытта кінәлі тұлғалар жауапгершілікке тартылған болатын. Алайда, бұдан сабақ алмаған тәрбиешілер мен олардың күтушілері балаларға қол жұмсау әдетінен арылмаған. Қазір күдікті ретінде танылған мамандар уақытша жұмыстан шеттетілді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Орталықта 60-ға тарта жарымжан бала ем алады.
АСХАТ ӘТЕКЕЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ
Осы фактілер кеш және түн уақытында орын алған. Балаларды ұйқыға жатқызу кезінде тәрбиешімен денелерін ұрып соғуды анықтадықБүгінгі күнге біз тек екі балаға қатысты ғана ұру фактілерін анықтадық. Тексерулер әлі жалғасуда. Олар қазан айының аяғына дейін жалғасады. Керек кезде біз осы тексерулерді әрі қарай жалғастырамыз.