Аққулы ауданында ауданнан шыққан талантты жастар жайлы кітап жарыққа шықты. Бұл - «Жастар лайф – ел жастары» жобасы бойынша оқырмандарға жол тартқан екінші шығарылым. Шараның тұсаукесері аясында осы кітапқа енген жастар да жиналып, олардың жетістігі көпшілікке айтыл, марапатқа ие болды.

Аққулы ауданын шыққан талантты жастар легі баршылық. Олар бүгінде еліміздің үлкен қалаларында, облыс орталығында, тіпті, ауданның өзінде де еңбек етіп жүр. Оларды құрметтеп, аттарын елге таныту мақсатында осы кітап жарыққа шықты.

РУСЛАН МҰҚАНОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Былтыр алғаш тұсаукесері өткізілген екінші жинақтың тұсаукесерінде екінші рет кездескенім қуаныштымын. Кітап жетістікке жеткен жастарды қамтиды. Талапты жастар қатары молайа берсін.

Кітап бірнеше бөлімнен тұрады. Шығармашыл жастар, спортшылар, өзге де салалар бойынша табысқа жеткен барлық жастардың есімі осында енгізілді. Биыл екінші рет тұсауы кесілген кітаптың маңызы аса зор дейді шарағы ұйытқы болған кітапханашылар.

Шара аясында осы талантты жастар құрметтеліп, көпшілік алдында марапатталды. Дарынды жастарды өмірге әкеліп, олардың биіктерді бағындыруы жолында тер төккен ата-аналары да назардан тыс қалған жоқ. Осылайша, ел ертеңі жастар деп білген Аққулы ауданы олардың еңбегін елеп, есімдерін танытуда.

МАДИНА ЖҮНІСОВА, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жастардың енді-енді қанат қағып келе жатқанда осындай қолауды сезіну біз үшін маңызды. Біз үшін үлкен дәреже болып табылады. Шығармашылықпен бесінші сыныптан бастап айналысамын. Қазіргі таңда елуге жуық өлеңдерім бар.

Шара соңы әсем әнге, мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты.

Жанасыл Серікбол