Павлодар облыстық балалар ауруханасының консультативтік-диагностикалық емханасында шұғыл стоматологиялық көмек көрсету қызметі іске қосылды. Енді аймақтағы 18 жасқа дейінгі балалар түнгі уақытта және демалыс күндері шұғыл стоматологиялық көмек ала алады.

Шұғыл стоматологиялық көмек көрсету қызметі облыстың барлық балаларына арналып ұйымдастырылған.Бұл қызметтің іске қосылуы балалар мен жасөспірімдердің медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттырды.

Ата-аналар ерекше қажеттіліктері бар балаларын да стоматологиялық көмек алуға әкеледі. Мұндай балаларды емдеу кезінде мамандар ерекше назар аударады. Осындай қамқорлық пен түсіністік арқасында балалар емдеу процесіне жақсы бейімделіп, қорықпай кіреді.

ГҮЛСАРА ҚОЖАМЖАНОВА, АТА-АНА

Ұлым 7 жарым жаста. Осы больницаға бірінші рет келіп тұрмыз. Наркозбен емдеп жатырмыз. Бұрын балам дәрігерге ауызын ашпайтын. Қазіргі кезде ол анализ тапысырып дәрігерге көңілді күймен кірді. Наркоз масочный удаление және лечение. Бәрі бір сеанста болды. Қаражат жағынан тісті жұлу тегін, нарокз тегін, цветавая гамма оны біз өзіміз шештік, ол 50 пайыз жеңілдікпен 15 мың теңге екі тіске.

Айта кетейік, аймақтағы барлық 18 жасқа дейінгі балалар осы қызметтің мүмкіндіктерін пайдалана алады. Аурухана тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді.

Сабина Жолдаспаева