Қазақстанға сырттан көлік әкелуге қатысты талаптарға ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Премьер министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәселені түсіндіріп берді. Оның мәліметінше заңды тұлғалар қанша көлік әкелсе де шектеу жоқ. Ал жеке тұлғалардың құжат рәсімдеу тәсілі өзгермек. Негізгі талап жылына 1 көліктен көп әкелуге болмайды.

  РОМАН СКЛЯР - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

 Ештеңе өзгерген жоқ. Егер жеке тұлға 10, 20 немесе 30 автокөлік сатып алса, ол кәсіпкерлік қызметпен айналысып жүр деген сөз. Ол заңды түрде тіркеліп, көліктерге сертификат алуы керек. Ал жеке тұлға ретінде әкелгісі келсе басқа жеңілдетілген сертификат алуы керек. Сертификаттардың екі түрі бар. Мұны салық және кеден органдары бақылайды.