Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры септігімен өңір тұрғындарына күрделі ота жасалып, оңалтудан өтуде. Павлодар қаласының тұрғыны Анна Кириченко гонартрозбен ауырған. Қазір реабилитациядан өтіп, балдақсыз жүр.

Павлодардағы нөмірі екінші емханада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен науқастар оңалтудан өтеді. Анна Кириченко буынын эндопротездеуден кейінгі емдом шараларын қабылдауда. Емхана ай сайын орта есеппен осындай анамнезі бар 10 пациентті қабылдайды.

РАУШАН АБИЛЬДИНОВА, РЕАБИЛИТОЛОГ ДӘРІГЕР

Анна Викторовна қазір тізе буындарын эндопротездеуден кейін оңалтудың үшінші кезеңін алуда. 2023 жылы ол оң жақ тізе буынын, ал биыл сол жақ тізе буынын эндопротездеді. Біз қалпына келтіру, өмір сапасын жақсарту, буындарды дамыту медициналық оңалтуды тағайындаймыз

Медициналық сақтандырусыз эндопротездеу қалтаға қатты тиетінін атап өткен жөн. Операция құны 1,5 миллион теңгені. Оңалту арзан болмайды: бір курстың құны 100 мың теңгеден басталады. 6 жыл-Анна Кириченко гонартрозбен ауырып, жүріп тұруы күрделі болды. Хирургтар буындарды титан протездерімен алмастырған.

Сонымен қатар, аурудан айығуна әртүрлі жаттығулар себеп болған. Пациент арнайы велосипедте, швед қабырғасында көп уақыт өткізеді. Науқас қазір аяғына сенімді тұра алады.

АННА КИРИЧЕНКО, ЕМДЕЛУШІ

Әрине өмір сапасы жақсарды. міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында осындай операцияны тегін жасауға болатыны қуантады.

Денсаулығын қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын жоғары білікті мамандардың көмегі қаншалықты маңызды.

Байтұрсын Жұмабай