Павлодарда жеңіл көлік жүргізушісі екі кәмелет жасқа толмаған баланы қағып кетті. Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

«Mazda» көлігінің жүргізушісі Академик Сәтбаев пен Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған балаларды қағып кетті. Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

ЖАНАР БЕЛЯЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Павлодар қаласында Mazda көлігінің жүргізушісі Академик Сәтбаев пен Кривенко көшелерінің қиылысында кәмелетке толмаған 2 баланы қағып кетті. Апат салдарынан балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Көлік айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.