«Ертіс» телеарнасымен тәжірибе алмасуға «Алтай» мен «Семей» телеарналарының өкілдері келді. Қонақтарға аймақтың басты арнасының материалдық техникалық базасы көрсетіліп, телеөнімдері таныстырылды.
«Қазақстан» – мемлекетіміздің ақпараттық саясатын жүзеге асыратын ұлттық телерадиокорпорация тұрғындарды қамту жағынан алдыңғы орында. Телерадиокорпорацияның 14 облыста аймақтық филиалдары бар. Бұл өңірлік телеарналар өзара тығыз жұмыс жасап, тәжірибе алмасып тұрады. Осы мақсатпен «Ертіс» телеарнасына қонаққа Шығыс өңірден «Алтай» мен «Семей» телеарналарың басшылары, шығармашылық тобы келді.
ХАСЕН МОЛДАБАЕВ, «SEMEI» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Корпорация басшылығының бастамасы бойынша басқа да филиалдарға барып, тәжірибе алмасып жатырмыз. Студиялармен таныстық. Озық тәжірибелерді өзімізде пайдаланамыз.
БЕРІК КӨШЕРБАЕВ, «ALTAI» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Келуіміздің негізгі мақсаты тәжірибе алмасу. Филиалдар арасында достық, серіктестік қарым-қатынастарды нығайту. Сіздердің телеарналарыңызда студиямен танысып, материалдық техникалық базаны көрдік. Осы уақытқа дейін жасалған жұмыстар көп екені көрініп тұр. Біз Өскеменнен келдік, жалпы қазақ және орыс редакцияларының тілшілері мен бас редакторлар келді. Осыған дейін Семей телеарнасына барып келгенбіз.
Осы ретте, қонақтарға Павлодар облыстық «Ертіс» телеарнасының студиялары көрсетіліп, телеөнімдері, жаңа жобалары таныстырылды.
Самал Қалиқызы