Облыстық мәслихаттың «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Халық қалаулылары шенеуніктермен бірлесіп, жыл басынан әлеуметтік нысандардың құрылыс жобаларының жүзеге асырылу барысын тақылады. Сондай-ақ ауылдық аймақтарда құрылысы ұзаққа созылып кеткен әлеуметтік маңызы бар нысандар жайымен танысты.

Өңірде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында бірнеше медициналық нысанның ашылуы жоспарланған. Екі дәрігерлік амбулатория, бес фельдшерлік-акушерлік пункт және 23 медициналық бекет ашылады. Ақкулы және Ақсу ауылдық аймағында алты, Успен ауданында бес, Екібастұз, Ақтоғай және Май аудандарында екі нысан бар.

АСҚАР АЖМҰРАТ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Из 30 объектов на сегодняшний день по 8 работы.. Қазір 30 нысанның 8-і бойынша жұмыстар толық аяқталды. Пайдалануға рұқсат беретін актілерге қол қойылды. 14 нысаның құрылысы жалғасуда. Қарқыны жақсы. Бірақ 8 нысанда мерзімінен кешігіп салынуда. Сондай-ақ, үш объект тәуекелдер тобында. Бұл Ақсу ауылдық аймағының Құркөл, Үштерек және Железин ауданындағы Мыңкөл ауылындағы нысандар

Оның ішінде Аққулы және Ақсу аудандарында алты, Успенде бес нысан, сондай-ақ Екібастұз ауылдық аймағында, Ақтоғай және Май аудандарында екі-екіден нысан бар. Өңірдің бас құрылысшысының айтуынша, кешігіп салынудың басты себебі – мердігер компанияның кемшілігі.

АСҚАР АЖМҰРАТ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Құрылыс басқармасы аудан әкімдерімен бірлесіп, нысандардың құрылысын аяқтауға бар күш-жігерін салады. Неліктен біз оны уақытында жасай алмаймыз? Себебі, абаттандыруға қатысты сұрақтар бар. Қазір нысандарда ішкі әрлеу жұмыстар аяқталып, жылу қосылды.

Бұдан бөлек фракция отырысында халық қалауларына биыл атқарылған жұмыстар жайында есеп берілді. Келер жылға міндеттер айқындалды.

Әйгерім Тоқпанқызы