Павлодарлық дәрігерлер алғаш рет өңешке ерекше ота жасады. 7 жыл бойы қиналған науқас енді еш ауырсынусыз ас ішетін болды. Науқастың қазіргі жағдайы қалай? Тілшіміз айтсын.
Асхаб Шигаев Екібастұз қаласының тұрғыны. 8 жыл бойы өңешінен ас өтпей, қиналған. Жылдар бойы дәрігерлердің табалдырығын тоздырып, мәселенің неде екенін анықтай алмаған. №1 қалалық аурухананың мамандары өңештің кішірейіп, жіңішкергенін байқаған.
АСХАБ ШИГАЕВ, ЕМДЕЛУШІ
Отаға дейін бұрын 1 тәрелке сорпаны 1 сағат ішетінмін, оны жұту үшін 2 литрдей су ішетінмін. Аз тамақ жеп, оны көп мөлшердегі сумен жұтатынмын. Соның салдарынан салмақ тастайтынмын. Яғни күн сайын жағдайым ауырлай берді. Отадан кейін екі күн ауыр болды. Қазір жағдайым жақсарып келеді. 8 жылдан кейін жақсы қиындықсыз тамақ ішетін болдым. Арманым бешбармақ жегім келеді. Осыған дейін денсаулығыма байлынысты мүмкіндік болмады.
Осы уақыт ішінде науқас 20 келіден артық салмақ тастаған. Осындай сырқаттар 100 адамның бесеуінде кездеседі екен.
СНЕЖАНА ШИГАЕВА, ЕМДЕЛУШІНІҢ ӘЙЕЛІ
Күйеуіме осындағы дәрігерлер көмектеседі дегенде алдымен қуаныш бірақ, сосын қорқыныш болды. Ота кезінде өте қатты қорықтым. Көп жыладым. Осындағы барлық дәрігерлерге алғысымды айтамын. Себебі, 8 жыл бойы біз көптеген мықты деген дәрігерлерге барғанбыз. Бірақ ешқайсы көмектесе алмады.
Өңеш ахалазиясы - тағамның асқазанға өтуінің бұзылысы болатын және оның өңеште ұзақ уақыт тұрып қалуымен сипатталатын салыстырмалы түрде сирек кездесетін неврологиялық ауру. Осындай сырқаттарға оталар еліміздің бірнеше орталықтарында ғана жасалады. Ал, өңірімізді алғаш рет жүргізілпі.
ҚУАТ ЖҮСІПОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Ота шағын инвазивті түрде жасалды. Ауыз қуысы арқылы, тілімдерсіз болды. Яғни өңештің жіңішкеру анықталды. Эндоскопиялық аппаратпен кіріп, өңешті тесіп, бұлшықеттерді ішкі жағынан кеңейтті. Отадан кейін науқас бұрынғы өміріне қайтып келді.
Науқас енді оңалтудан өтеді. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы пациентке тегін жасалды. Оның құны 550 мың теңгеден басталады.
Самал Қалиқызы