Журналистер үйінде «Қолөнер Fest»тақырыбында – қолөнер бұйымдарының көрмесі мен қазақ ұлттық киімдерінің көрсетілімі өтті. Шараны ұйымдастырушы – «Ертіс Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл фестиваль қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеп, ұлттық киімнің маңыздылығын көрсетуге бағытталған.

Қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қолөнері – ұлттық мәдениеттің жарқын айғағы. Мұндай шараны ұйымдастру дәстүрін алғаш болып Ертіс медиа ұжымы бастады. «Қолөнер Fest»-тің ерекшелігі – журналистердің өзі жасаған туындыларын ұсынуы.

РАУШАН СЫБАНЖАНОВА, «ЕRTIS MEDIA» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі күнде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, насихаттау күшее түсуі керек. Ұлттық құндылықтар ол бір трендке, яғни сәнге айналуға тиіс. Оған барлығымыз атсалысуға тиіспіз деген сөзді жалау етіп, әрі өзіміздің шынында да ұлттық керемет дүниелеріміз бар соны ылғи қалам ұшына алып жазып жүретін мәселелерді, тақырыпты көеріп жүретін журналистер қауымы тек қана қалам ғана көтермейді. Олар әрі қамшы өреді, әрі көрпе тігеді. Біздің журналистеріміздің арамызда, қолөнерші әріптестеріміз өте көп.

Шараның бағдарламасы ауқымды. Қолөнер көрмесі, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке арналған викторина,қазақ ұлттық киімдерінің көрсетілімі, тоғызқұмалақ пен «Бес тас» ойындары, сондай-ақ айтыс ұйымдастырылды.

Фестивальде журналистер қолөнер бұйымдарын өздері жасап, көпшілік назарына ұсынды. Қолмен өрілген қамшылар мен көркем тігілген көрпелер ұлттық өнердің тамаша үлгісі.

НҰРЖАЙНА ШОДЫР, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ «САРЫАРҚА САМАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ ШОЛУШЫСЫ

Мен жана ұршық иіру қолөнерін көрсеттім. Өздеріңіз білесіздер бұл біздің ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан қолөнер түрінің бір түрі. Ұршықты мен үнемі өріп жүрмін деп айта алмаймын. Мен кішкентай кезімде әжемнің қолында өстім. Әжеміз үнемі ұршық үйіріп отыратын. Сол кезде қызығушылық танытып, үйреніп отырдық. Содан кейін арқа есуді көрсеттім. Арқан ерсуді енді біздің ұлттық қолөнеріміздің бір түрі. Өздеріңіз білетіндей бұрынғы кезде арқан есу болды. Арқанның түр-түрі болады. Салма арқан дейді, киіз үйді бастырып қоятын қос арқан дейді. Қойды қосақтайтын қыл арқан дейді. Арқанның түрлері көп. Сол бір кішкентай арқанның түрін көрсеттім.

Фестивальдің тағы бір ерекше тұсы-келесі «Қолөнер Fest»-ті өткізу эстафетасының басқа редакцияға берілуі.

РАУШАН СЫБАНЖАНОВА, «ЕRTIS MEDIA» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біз эстафета ретінде өзіміздің әріптестеріміз Ертіс телеарнасына жолдағымыз келеді. Біз алдағы уақыттарды осылай әрбір ұжым, тек қана тілшілер емес, басқа да кәсіпорындарға, ұжымдарға қолөнер жалпы ұлттық дүниелер насихатталса екен деп тілейміз. Осындай ойдан, осындай идеядан бастау алып тұрмыз.

«Қолөнер Fest»-ұлттық өнерді жаңғырту жолындағы алғашқы қадам. Бұл шара қазақ халқының рухани байлығын келер ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі болмақ.

Сабина Жолдаспаева