Павлодар қаласының тұрғыны бауырында ауыр сырқат анықталып, ағзасынан айырылып қала жаздаған. Алматылық дәрігерлердің көмегімен күрделі ота сәтті өтті. Келесі сюжетте
Науқас бауыр тұсындағы қатты ауырсынумен ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер оның эхинококкозбен ауыратынын анықтады. Яғни, бауыр- паразиттермен зақымдалған. Негізінен, аурудың пайда болуы сапасыз ауыз суды тұтынумен байланысты.
ЕРЛАН ЖАҒАПАРОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №1 АУРУХАНАСЫНЫҢ ШҰҒЫЛ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Кисталар өте үлкен көлемде болды. Олардың ауқымын ескере отырып, бауырдың жартысын алып тастау мәселесі қаралды. Бірақ оңтайлы шешім қабылдау үшін Сызғанов атындағы хирургия орталығынан гепатобилиарлық хирургия бөлімінің меңгерушісі, Мақсат Досханов шақырылды. Оның басшылығымен ота сәтті жасалды. Нәтижесінде бауырдың жартысын алып тастау қажеттілігі туындамады.
Алматы хирургия орталығымен тәжірибе алмасу өңірімізде жалғасып келеді.
МАҚСАТ ДОСХАНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ А.СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Егер өскен ет көлемі кішкентай болса онда біз оны лапароскопиялық, яғни инвазивті әдісті қолданар едік. Бірақ бұл науқаста екі үлкен көлемді киста болғандықтан, ашық әдіспен ота жасауға тура келді.
Қазір науқастың жағдайы жақсы. Бірақ, диета ұстану керек. Науқасқа тек жеңіл және жұмсақ тағамдарды ғана жеуге рұқсат.
ОЛЬГА САМАКИНА, ЕМДЕЛУШІ
Қазір өзімді жақсы сезінемін. Алматыдан келген дәрігерлерге алғысым шексіз. Барлығы өте білікті мамандар екен. Мен оларға риза болып, шексіз алғысымды айтамын. Басқаларға айтарым бар, уақытында дәрігерге қаралған жөн. Себебі, денсаулық басты байлық.
Эхинококк личинкалары тек бауырды ғана емес, сонымен қатар өкпені және миды да зақымдауы мүмкін. Дәрігерлер аурудан сақтану үшін тамақтанар алдында қолды жуып, тұрақты түрде медициналық тексерістен өтуге кеңес береді.
Сабина Жолдаспаева