Биыл жедел-жәрдем қызметі де жылдағыдай жұмыс жасады. 31 желтоқсан күні жедел жәрдем 800-ге жуық шақыртуды қабылдаған. Толығырақ келесі сюжетте.
Демалыс күндері жедел жәрдем қызметінде 70 бригадасы, яғни 210 адам ауысымға шыққан. Оның ішінде 30 дәрігерлік, қалғаны фельдшерлік бригада болды. Кезекші мамандар күн сайын 650-700 шақыртуға барып отырса, осы жолы оған вирустық инфекция қосылды, деді жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары. Жалпы 31-нен 4-ші қаңтарға дейін 4725 қоңырау түскен.
ИРИНА МИЩЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
31 күні 800 шақырту болды. Күн сайын бұл сан өсе берді. Соңғы күні 1014 шақыртуға дейін жетті. Одан бөлек, тәулік сайын бас дәрігермен 500-600 кеңес берілді. Бұл тек телефон арқылы кеңес беру. Демалыс күндері вирустық инфекциялардың өскені тіпті байқалды. 1300 шақырту тек вирустық инфекция бойынша болды. Олардың ішінде 68-70 пайызы балалар.
Айта кететіні, биыл жаңажылдық мереке күндері пиротехникалық заттардың кесірінен орын алған оқыс оқиғалар, шақыртулар, күйіктер тіркелмеген. Балалардың ауыр улану, термиялық күйік шалу фактілері де болмады.
ИРИНА МИЩЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сырғанақтан құлаудың бір жағдайы тіркелді. Ересек қыз бала құлап, бел омыртқасының жарақатын алды. Травпунктке жүгініп, тиісті көмек көрсетілді. Одан бөлек, бұл күндері 16 жол көлік оқиғасы тіркелді. 30 адам зардап шекті. Дәрігерге жүгінді, бірақ ауыр жағдайлар болмады. Екі адам биіктіктен құлады, олар қатты жарақаттармен №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.
Осы ретте дәрігерлердің сөзінше демалыс күндері ауыр жағдайларға шақырту болмаған. Соған қарағанда 2025 жыл жайлы, ауыр жағдайларсыз басталды деуге болады.
Самал Қалиқызы