Осы жылдан бастап 8 медициналық анықтама электронды түрде беріледі. Қазір медициналық ұйымдармен тиісті интеграциялық жұмыстар жүріп жатыр. Толығырақ келесі сюжетте.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдан бастап 8 медициналық анықтама цифрлық форматқа ауыстырылады. Оның ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама тек электрондық түрде беріледі. Нәтижесінде қазақстандықтарға өзімен бірге қағаз анықтаманы алып жүрудің қажеті болмайды.

Цифрлық форматқа ауысқан соң медициналық ұйымдар жалған анықтамалар жасай алмайды. Аталмыш анықтамаларды «Дамумед»-те және «егов мобайл»-дағы «Денсаулық» бөлімінде көруге болады.

Самал Қалиқызы