Павлодар қаласының тұрғыны 5 лотерея билетін сатып алып, жаңа пәтерге қол жеткізді. Бұл оның алғашқы, әрі ең маңызды, үлкен жеңісі екен. Бағы жанған азамат арна тілшісіне сұхбат беріп, қуанышты сәтімен бөлісті. Экранға зер салайық.
Қала тұрғыны Жұмабек 20 жыл бойы лотерея билеттерін сатып алып, бақ сынап жүрген. Кейде үміті үзіліп, қатысуды тоқтатқысы келсе де, бір сәттілік боларына сенген. Сондықтан, лотериядан ұту төзімді адамдарға жол ашады. Ұтыс иесі Пәтер ұтамын дегені үш ұйықтаса да түсіне кірмеген.
ЖҰМАБЕК, ЖЕҢІМПАЗ
Әрине, алдымен адамның үміті үзілмеу керек.
Менде кейде ойнағым келмейтін кездер болатын. Осы жолы менде бір ерекше сезім болды. Сосын билет сатып алып, бағымды сынадым
Ұтыс иесі телефонына қоңырау келгенде , алаяқтар деп ойлап, сенбегенін айтады. Бірақ, бұйырып тұрған жеңісі әділ болды. Ол нағыз жеңімпаз, әрі пәтер иесі.
ЖҰМАБЕК, ЖЕҢІМПАЗ
Білесіз бе, эмоциямды сөзбен жеткізе алмаймын. Шынымды айтсам, әлі күнге дейін сене алар емеспін. Өзім сияқты қарапайым жандарға тек сәттілік тілеймін.
Айта кетейік, мұндай лотереяның жеңімпазы кез келген адам бола алады. «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясында кіші және үлкен сыйлықтар тұрақты түрде ойнатылады.
СЕРГЕЙ СМЕРДОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ «СӘТТІ ЖҰЛДЫЗ» ҰЛТТЫҚ ЛОТЕРЕЯСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ
Жақын арада біз 31 қаңтарда «6/49 ойыны» бойынша автокөлік ойнатуды жоспарлап отырмыз. Ал 16 ақпанда телебинго ойыны бойынша тағы пәтер ойнататын боламыз
Сатушы-консультант Шолпан Сыздықова осы компанияда 5 жыл жұмыс істеп келеді. Әрбір клиент өзіне бір ғана билет таңдап, жеңімпаз болып шыққан кезде ол да шын жүректен қуанады.
ШОЛПАН СЫЗДЫҚОВА, «СӘТТІ ЖҰЛДЫЗ» АҚ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ САТУШЫ-КОНСУЛЬТАНТ
Менен билет сатып алып, телефон ұтып алған болды. Сондай-ақ ақша ұтқандар да болды. Мына ұтыс үшінші ірі ұтыс. Өте жақсы, квартира ұтты
Жаңа жылда ойнатылған «телебинго» лотереясы бойынша 3 пәтер ойнатылған. Қалған екі пәтердің жеңімпаздары Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының тұрғындарына бұйырды.
Қымбат Садық