Жуық арада Павлодарға Елордадан Қалибек Қуанышбаев атындағы ұлттық театр гастрольдік сапармен келеді. Ақпан айының сегізі күні өнер ұжымы Ертіс-Баян жұртшылығы үшін екі бірдей қойылым ұсынады.
Қаллеки театры 8-ақпан күні алдымен балаларды қуантпақ. «Ертегі түннің әуені» қойылымы барша бүлдіршіндерге арналады. Өнер ұжымының негізгі спектакльдерінің бірі.
ТАҢШОЛПАН ИМАНТАЕВА, Қ. ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АДМИНИСТРАТОРЫ
Балаларға арналған «Ертегі түннің әуені» деп аталатын классикалық ертегілер жиынтығы. Қоюшы режссері Олжас Дәлелхан. Өте қызықты, балаларға ұнайтын қойылым болады. Оған сөз жоқ.
Екінші қойылым да 8- ақпан күні ұсынылады. Ересектерге арналған «Кешкі 7» қойылымы. Театрдың лабораториясынан шыққан спектакль-концерт.
ТАҢШОЛПАН ИМАНТАЕВА, Қ. ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АДМИНИСТРАТОРЫ
Сол жердегі авторлардың өздерінің монологтары, ақын-жазушылардың өлеңдері оқылады. Әндер айтылады. Керемет кеш болады. Біздің репертуарымызда өте көп спектакльдер. Солардың ішіндегі бірден-бірегейі. Көрермендердің көңілінен шығып жүрген қойылымдар
Қалибек Қуанышбаев театрының ұжымы барша облыс жұртшылығын айтулы өнер сәтінің куәсі болуға шақырады.
Жанасыл Серікбол