23 қаңтар күні сағат 09.00-де Ертіс ауданы білім бөлімінің «Бұланбай негізгі жалпы білім беретін мектебінде» өрт болды. Алдын ала нұсқа бойынша өрттің себебі – екпінді желге байланысты жақын тұрған бағананың қысқа тұйықталуы.

Өрт шалған аумақ 153 шаршы метр. Мектеп ғимаратын визуалды тексеру ғимараттың толығымен өртеніп кеткенін, қалпына келтірілмейтінін көрсетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ертіс ауданының Бұланбай мектебінде бүгінгі күні 20 оқушыны білім алады.

Сол жерде ауыл тұрғындарының жиыны өткізіліп, ата-аналарының өтінішімен оқушыларды осы ауылда орналасқан шағын орталық ғимаратына уақытша орналастыру туралы шешім қабылданды.

Жанасыл Серікбол