Ел Премьер-министрі Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Онда мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары бекітілген жаңа Салық және Бюджет кодекстері жобаларын талқыланды.
Үкімет басшысы кездесуге қатысушыларға сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктеріне салық-бюджет саласын реформалау мәселелері бойынша айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды. «Президент нақты секторды дамытуды күшейте отырып, экономика құрылымын өзгерту міндетін қойды. Сондықтан талқыланатын реформалар еліміз үшін маңызды. Салық-бюджет реформасы экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жетілдірудің пәрменді тетігі болмақ», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Сарапшылар да салық мәселесіне қатысты пікірін білдірді.
ДАНА ТОҚМУРЗИНА «FORTUNE PARTNERS» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Салықтың салмағы әділ және дұрыс бөлінуі керек. Салық коэфициентіне баса назар аударылып, оны салық төлеушілерді ынталандыру үшін тетік ретінде пайдалану маңызды. Салық төлеу – бұл біздің ортақ міндетіміз, соны адал орындағаннан кейін ғана мемлекеттен белгілі бір реформаларды, әлеуметтік пакеттерді күтуге болады