Павлодар облыстық арнайы кітапханасының «Домисоль» жобасы балабақшалардың музыкалық жетекшілеріне таныстырылды. Ерекше жобаны 83 жастағы Жеңісгүл Садықова жасады. Толығырақ келесі сюжетте.
Павлодар қаласындағы №93 балабақшада музыкалық жетекшілердің басын қосқан ерекше шара ұйымдастырылды. Семинар барысында әр мереке сайын кішкентай балаларға ән жаттатып, музыкаға деген қызығушылығын оятып жүрген мамандар тәжірибе алмасты. Облыстық арнайы кітапхананың қызметкерлері келіп, «Домисоль» жобасын да таныстырды.
АЙНАГҮЛ ҚОЖАХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ АРНАЙЫ КІТАПХАНА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Домисоль жобасының негізгі мақсаты көз мүгедектіктеріне арналған әндерді, нотаға басып шығару. Брайль қарпінде оны нотаға айналдыру. Жеңісгүл Молдабайқызының көмегімен 20-ға жуық ән жазып, семинарға қытысып, жобамыз жайлы мағлұмат бердік.
Осылайша 20-ға жуық әннің нотасы Брайль қарпіне салынды. Олардың қатарында қазақтың «Еркем-ай» әні де бар. 83 жастағы Жеңісгүл Садықова бұл көз жанарынан айрылған балалар мен ересектерге қажет деп отыр.
ЖЕҢІСГҮЛ САДЫҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Домисоль бұл әндерді, ноталарды Брайль қарпіне салу жобасы. Себебі біздің қатарда ән айтатындар көп. Бірақ олардың ноталық сауаттылықтары жоқ. Бұл азаматтардың өздеріне орындап, өздеріне ән айтуға мүмкіндік береді. Бұл жастарға, балаларға керек дүние.
Семинар барысында балабақшалардың музыкалық жетекшілері бар өнерлерін ортаға салды. Жалпы шараға қаланың 30-дан астам мектепке дейінгі білім беру мекемесі қатысты.
АҚЫЛАЙ ҚҰРЫМБАЕВА, №93 БАЛАБАҚШАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ
36 балабақшадан музыкалық жетекшілері келді. Бәрі риза боп кетті. Арнайы облыстық кітапхананың қызметкрелері келіп, жобаларын көрсетті. Көптеген кітаптар жазып жатыр екен. Біз нотаны көріп, естіп жүрсек, олар қолмен сезіп, құлақпен естіп, нотаға түсіргендеріне өте риза болдым.
Балабақша тәрбие мен білімнің бастауы. Дәл осы жерде баланың өмір жолындағы іргетас қаланады.
Самал Қалиқызы