Орталық қалалық кітапханада ғалым Ермұхан Бекмахановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ғалым салған жол» атты тарих кеші өтті. Оған оның жиені, студенттер, әскери бөлім сарбаздары қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.

Ермұхан Бекмаханов — қазақтың көрнекті тарихшысы, қоғам қайраткері, және қазақ тарихының зерттеушісі. Ол XX ғасырдың орта шенінде қазақ тарихына айрықша үлес қосқан тұлға ретінде тарихта қалды. Оның 110 жылдығына орай орталық қалалық кітапханада тарихи кег ұйымдастырылды. Оған арнайы Ермұхан Бекмахановтың жиені, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Қылышбек Баязитов қатысып, естеліктерімен бөлісті.

ҚЫЛЫШБЕК БАЯЗИТОВ, Е.БЕКМАХАНОВТЫҢ ЖИЕНІ

Ермұхан Бекмаханов Баянауылда туып өскен. Кішкентайында сол елдегі «Үлгі» мектебіне тау арқылы барған екен. Ермұхан ағаның менің өмірімде рөлі ерекше. 54 жылы Баянауылға біздің үйге келді, жақсылып қарсы алдық. Ол кезде қасында әйелі Халима, балалары болды. Сол кезде әкеме «ортаншы ұлын Қылышбекті өзіммен бірге алып кетемін» деп айтты. Әрі қарай Қазақ Ұлттық Университетіне түсіремін, тарихшы болады деді, содан бірге Алматыға кеттім. Сол жерге ағамның ақылын тыңдап оқуға түсіп, жақсы аяқтап шықтым

 Ермұхан Бекмахановтың шығармашылығы кеңестік кезеңнен кейін де жалғасын тауып, жаңа толқынға серпін берді. Ол қазақ тарихының ең маңызды кезеңдерін қайта қарап, тарихшылар үшін жаңа деректер мен көзқарастар ашты.

ГҮЛЖАЙНАТ ӘЛИЕВА, Г.Н.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына орай Потанин атындағы музейде студенттер мен оқушылардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтеді, арнайы көрме ұйымдастырылады

Ғалымның саяси күресі мен ғылымға қосқан үлесі бүгінгі күнде баға жетпес қазына болып табылады. Сондықтан шараға «Жас дарын» мектебінің оқушылары, колледж студенттері мен 6679 әскери бөлімінің сарбаздары да қатысты.

ҚАРЛЫҒАШ ТЫНЫБАЕВА, ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Биыл Қазақстанның көрнекті ғалымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдық мерейтойын атап өту, оның ғылыми мұрасын келеешк ұрпаққа дәріптеу мақсатында өтіп жатыр. Әрине маңызды, өзіміздің жерлесіміз, осындай ғалым, профессор, доктор , тарихқа үлкен бір із қалдырған адам

Оның еңбектері қазақ халқының тарихи санасын жаңғыртып, ұлттық мемлекеттіліктің тарихын түсінуге үлкен ықпал етті. Ермұхан Бекмахановтың есімі қазақ ғылымында мәңгі қалатыны сөзсіз.

Қымбат Садық