«Зеленая роща» базасында шаңғы жарысынан республикалық чемпионат өтуде. Спортшыларымыздың дайындығы жайлы тілшіміз біліп қайтты.

«Зеленая роща» базасында шаңғы жарысынан республикалық чемпионаттың ашылуы өтті. Спорттық жарыс осымен 15 жыл қатарынан дәстүрлі түрде Павлодар қаласында ұйымдастырылуда. Чемпионатқа Астана, Алматы қалаларынан және 13-ке жуық облыстан 400 ден аса спортшылар қатысуда.

ЕВГЕНИЙ КИСЛЯКОВ, ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Бұл чемпионат кеше басталды. осы жылы өте үлкен көлемде өткізілуде. Айта кетсек соңғы үш жылда бізде болмаған еді. Бірақ осы жылы шаңғы базамыз өте жоғары деңгейде қонақтар мен қатысушыларды қарсы алуда. Осыған орай бізге қысқы жастар чемпионатын қайта өткізу мүмкіндігін берді. Жазда да өткізу жоспарда бар. Бүгін жастар 10,5,3 километр қашықтықта классикалық түрде жарысуда.

Күннің аязына қарамай спортшыларымыз қызу дайындық үстінде.

Айта кетсек, барлық облыстардан жиналған қатысушылар ішінде кіші топта 100 спортшы, орта топта 87. ал үлкендер тобында 60 спортшы бақ сынаспақ.

Салтанат Бауыржанқызы