Сарапшылар Мемлекет басшысының үш жылдық саяси реформаларын қорытындылады. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері демократиялық реформаларға тоқталды.
Мәселен, еліміз суперпрезиденттік жүйеден ықпалды Парламенті бар Президенттік республикаға көшті. Президенттік мерзім шектелді. Мемлекет басшысына Партияларға мүше болуға тыйым салынды. Жаңа реформаға сәйкес туыстарын мемлекеттік қызметке тағайындауға болмайды. Сондай-ақ, Президенттің Парламент пен сот жүйесіне ықпалы шектелді. Осы саяси жүйесінің нәтижесінде Президент қайта сайлану құқығынсыз бір рет 7 жыл мерзімге сайланады. Сондай-ақ, әкімдерді халық өзі сайлайтын болды. Партиялық жүйе либерализацияланды. Конституциялық сот қайта құрылды. Бұл өзгерістер Президенттік өкілеттіктерді қысқартуға, Парламент пен сот жүйесін нығайтуға, елдегі биліктің монополиялануын болдырмауға бағытталған.
АЛУА ЖОЛДЫБАЛИНА – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Президенттің өзінің институтына қатысты реформадан бастайық. Одан кейінгі Парламентке қатысты, Сенат, Мәжіліске қатысты қалыптасу механизмі өзгерді. Мысалы Мәжілісте 3 партиядан 6 партиялық Парламентке кірдік. Ол өзгеріс. Бірнеше жыл бойы болмаған Конституциялық сотты орнына келтірдік. Мысалы, 2-3 жылдың ішінде 2 референдум өтті. Қазақстан тарихында 4 референджум болған. Оның екеуі 2022 жылы, 2024 жылы болды.
АЙДОС САРЫМ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Президенттің Жолдауынан туындаған үлкен реформаларға 3 жыл толып отыр. Өте маңызды меже деп ойлаймын. Ең бастысы, шынымен де жасалған реформалар, өткен референдум, соның аясында қабылданған заңдар, өткен сайлаулар, ең бастысы біздің қоғамның болмысын өзгертуге жасалып жатқан қадамдар