Еңбек қана адамды мұратына жеткізіп, биікке шығарады. Адал кәсіп адамға да, қоғамға да қайырлы. Ақтоғай ауданында 30 жылдан бері берекелі кәсіпті игеріп, халыққа үлгі болған Хамитовтар әулетін баршасы біледі.

Бұл дүкенге Ақтоғай жұртшылығы күн сайын бас сұғады. Қажетін осы дүкеннен табады. Осында келу аудан жұртшылығының күнделікті әдетіне айналғандай. Алайда, бұл кәсіп оңай бастала салған жоқ.

БОРАНБАЙ ХАМИТОВ, КӘСІПКЕР

Қайран деген ауылда туып-өстім. 1951-жылы. Содан 8-класстан кейін учелище оқып, одан кейін әскерге кеттім. Осын 15 жыл шопыр, 10 жыл бригадир болдым. Перестройканың кезінде магазин салдық

Әрине, дүкен өздігінен ашыла салған жоқ. Оған дейін отбасы көптеген қиындықтарды көрді. Талай мазасын күндер өтті.

ДӘМЕТ УӘЛИЕВ, БОРАНБАЙ ХАМИТОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ

Ұлым 7-класс оқиды. Екеуі кірпіш жинайды ауылдардан. Солайша бір жылда магазин салды. Сосын атын қойдық. Ұлдың еңбегі. Кейде қолы қанап келеді. Кірпішті көтергеннен

Боранбай ақсақалдың ісін бүгінде қыздары жалғастырып жүр. Әркез әкеге серік болған қыздары бүгінде кәсіпкерліктің барлық қыр-сырын үйренген.

ДАНА ХАМИТОВА, КӘСІПКЕР

Міне, 30 жыл болды. Әкемнің арқасында әкем екеміз бірге осы дүкенді салдық. Содан 30 жыл бойы екеміз жұмыс істеп келеміз Осы дүкенде мен 20 жасымнан бастап жұмыс істеп жатырмын. 20 жасымда техникум бітірдім. Осы Ақтоғай келіп, өмірдің ыңғайымен жүрміз жұмыс істеп

Бееркелі кәсіп әулеттің өзіне ғана емес тұтас елге нәсіп. Адал еңбек әркез нәтиже береді, абырой әкеледі.

Жанасыл Серікбол