Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде әнші, сазгер Рахметхан Нұрбасарұлының 80 жылдығына арналған «Ән әлемі» атты әдеби музыкалық кеш ұйымдастырылды. Толығырақ сюжетте.

Рахметхан Нұрбасаров қажырлы еңбегінің арқасында талайды тәнті етті. Ол Алғашқы еңбек жолын Май аудандық мәдениет бөлімен бастап, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды. Сондай-ақ, автоклуб меңгеушісі, режиссер және қойылымдардың көркемдеуші суретші міндетін атқарып, актерлік қырынан да таныла білді.

ЕРБОЛ ҚАЙЫРОВ, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ

Май ауданының мәдениет бөлімімен бірігіп ұйымдастырып отырған актер,әнші. рахметхан нұрбасарұлының 80 жылдығына орай өткізіп отырмыз. осындай біздің адамдарымызды өнер адамдарын өзіміздің өнірімізге бүкіл обласқа таныту жастардың бойына сол өткен аға апа буындарымыздың өнерін солардың бойына дарыту соларды насихаттау

Аталмыш шараға Май ауданынан туған туыстары, жақындары және арнайы делегаттар келді. Олар тұлға туралы естеліктермен бөлісіп, бірқатар ұсыныстар білдірді.

ГҮЛЖАНАТ НҰРБАСАРҚЫЗЫ, РАХМЕТХАН НҰРБАСАРОВТЫҢ КЕНЖЕ ҚАРЫНДАСЫ

Енді мен рахметхан жайлы айтсам ол бала кезінен өзі өнерге құштар, ағасы Мерзихан Шайхинді сол кісінің бастамасынмен дәріс алып сырнай, баян тартуды үйренді.

КҮЛӘШ ӘБІЛҚАСОВА, РАХМЕТХАН НҰРБАСАРОВТЫҢ КЕЛІНІ

Ағатайым өте сауықшыл өте сондай ақжарқын кісі еді. Енді бүгінгі күні марқұм боп кеткені әрине өкініш бар,бірақ дегенмен....ұрпақтары бар қасиетті өнерлерін жалғастырып жатқа

Арада қанша уақыт өтсе де ыстық естеліктер мәңгі жадымызда сақталмақ. «ERTIS» телеарнасының директоры Жұмабек Сманов 40 жыл бұрын басынан өткен оқиғамен бөлісіп, елеусіз қалып жатқан тұлғаларды насихаттау керек екенін айтты.

ЖҰМАБЕК СМАНОВ «ERTIS» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Осыдан екі жыл бұрын «сарыарқа самалы» газетіне бір мақала берген болатынмын. Жалпы май ауданында журналистика жұмысымен жиі болып жүрдім. Сол кезде аудан басшылығына,мәдениет қызметкерлеріне де жиі айтып жүретінмін. Осы біздің май ауданынындағы елеусіз қалып жатқан тұлғалардың біреуі Рахметхан аға осыны ұмытпай насихаттауымыз керек деген сияқты деп

Сондай-ақ, айтулы шараға жергілікті әнші-домбырашылардың орындауында әндер шырқалып, күйлер шертілді.