Саяси жаңғырусыз елдің тұрақты ілгерілеуі мүмкін емес. Сондықтан, Қазақстанда үш жылдан бері ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Оның түпкі мақсаты – әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттырып, демократияға дем беріп, жаңа саяси дәстүрлерді қалыптастыру. Қазірдің өзінде өзгерістердің оң нәтижесі байқалады, -дейді сарапшылар.

Билік тармақтарындағы трансформация бірден жүзеге аспайтын құбылыс. Уақыт, белгілі бір кезеңдер қажет. Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс керек. Оның бастауы - 2022 жылғы жолдау болды. Отыз жылда сірескен сең, үш жылдың ішінде қирап, әділетті жүйе түзіліп жатыр. Өзгеріс көп, өзге жалғыз, ол - елдің мүүдесі.

ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ САЯСАТТАНУШЫ

"Біздің өміріміз өзгеріп жатыр. Әр азамат билікке әсер етеді, сайлау арқылы, петици арқылы, әр түрлі механизмдер бар". Қазір үш жыл ғана болып тұр. Сол үш жылдың өзінде бірталай өзгеріске көзіміз жетті".

1995 жылдан бері алғаш рет жалпыұлттық рефендум өтті. Халық конституциялық реформаға қолдау білдірді. Жаңа саяси реформалар қолға алынды. Енді Президент 7 жылдық мерзімге бір рет сайланады. Сондай-ақ, президент саяси партияның мүшесі бола алмайды. Парламент пен мәслихаттарды жасақтау тәртібі өзгеріп, өкілеттігі күшейді. Конституциялық сот құрылды. Президент және Сенат депутаттарының сайлауы өтті. Әкімдерді де халық таңдап жатыр. Сондай-ақ, жаңа аралас жүйе бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттары сайланды.

ӘЙГЕРІМ ӘБДІРАШИТОВА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ САЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ

"Парламенттің соңғы мәжіліс сайлауынан көрдік, біздің парламенттің құрамы 70-80 пайызға жаңартылды. Жаңадан келген депутаттар ұзақ жылдар бойы бір сарында болған жүйеге жаңа леп, өзгеріс әкелді. соның нәтижесінде алғашқы жылдың өзінде олар 300-ге таман жаңа заңнамалық бастамалар мен сөз сөйлеген. Бұған дейінгі депутаттардың жұмысына қарайтын болсақ олар сондай көлемде бір жылда ғана жұмыс істеді деп айтсақ болады".

Жалпы, тұтастай алғанда саяси реформаның өзі бір реттік науқан емес. Президент «мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса береді»,-деген болатын. Демек, жаңғыру жолы – уақытпен емес, нақты нәтижелермен өлшенеді.