Теміржолшылардың еңбек әулеті 60 жылдан астам уақыт бойы еліміздің батысына пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп келеді. Отбасы мүшелерінің барлығы дерлік кәсіби өмірін Ақсу қаласының ауылдық аймағында орналасқан Спутник станциясына арнады. Олар үшін бұл салада жұмыс жасау – жай кәсіп емес, өмірдің мағынасы.
Қазіргі уақытта еңбек әулетінің ізбасарларының бірі Наталья Воронкова. Спутник станциясында компрессорлық қондырғының операторы болып еңбек етеді. Негізгі міндет - қыста қар астында жиі қалатын стансаны тазалау үшін жол монтаждаушыларын сығылған ауамен қамтамасыз ету. Ол еңбек жолын осы жерде дәл 30 жыл бұрын әкесімен бірге бастаған еді. Әкесі ең бірінші болып оны теміржол әлемімен таныстырды.
Наталья Воронкова — теміржолда еңбек етіп жүрген санаулы әйелдердің бірі. Ерлерге арналған жұмыс екеніне қармасатан нәзік жандылардың қайсарлығын дәлелдеп келеді.
НАТАЛЬЯ ВОРОНКОВА, «ҚТЖ» ҰК АҚ КОМПРЕССОРЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР МАШИНИСТІ
Әйелдерге теміржол монтеры болуы қиын. Шпалдарды ауыстырып, бетонды тазалау өте ауыр жұмыс. Мен көбіне ғимараттың ішінде болғандықтан жұмысым сәл жеңілдеу
Әулет өкілдері теміржол саласында әр түрлі қызмет түрлерін атқарды. Барлығын біріктірген еңбекке деген сүйіспеншіліктері. «Спутник» - облыстағы пойыз ең көп жүретін стансалардың бірі. Күн сайын осы бағытпен ондаған жүк және жолаушылар пойызы өтеді.
Жанасыл Серікбол