Бурабайда өткен төртінші ұлттық құрылтайда бірқатар маңызды мәселелер айтылып, ұсыныстар ортаға түсті. Экономикалық жағдайдан бастап, рухани бағдар-бағдарға дейін сараланды. Облыстық мәслихаттың депутаты Асылбек Туғанбай бұл жолғы жиынның елдің әл-ауқатын жақсарту жолындағы маңызы айрықша болғандығын айтады.

Құрылтай қоғам өкілдерінің бас қосатын алқа мәжілісіне айналды. Ежелден дәстүрде бар үрдім бүгінгі замана тынысмен астасып, қайта жаңғырғалы бері төртінші рет жиын өтті. Онда елдің мәселесі, елдіктің бағдары айқындалды.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Ұлттық құрылтайда жалпы еліміздің экономикалы-әлеуметтік, өнеркәсіпке байланысты 120 дан артық ұсыныс енгізілді. Президентіміз ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсыныстарын тыңдады және өзі де бірқатар мәселелерге байланысты пікірін айтты. Атап айтсақ, қосымша құн салығына байланысты. Халыққа түсінікті тілде жеткізілуін тапсырды.