Павлодар жұртшылығы Ішкі істер министрлігі кеңесіне есірткіге қылмысына қарсы идеяға толы жобаларын ұсынды. Жобалар Ішкі істер министрлігі кеңесінің Павлодар өңіріне алғашқы сапары аясында өтті.

Конференция алаңы жастардың тағдырын ойлайтындардың барлығының басын қосты. Құқық қорғау органдарының өкілдері, мұғалімдер, блогерлер, еріктілер жиналды. Күн тәртібінде бір ғана маңызды тақырып: есірткісіз болашақ.

ҚУАНДЫҚ ӘЛЖАНОВ, ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Біз профилактиканы бірінші орынға қоямыз. Әрине, есірткі қылмысымен күрестің негізгі бір бағыты бар. Бұл – есірткі бизнесін ұйымдастырушылармен, өндіретін, өңдейтін және таратумен айналысатындармен күрес. Бұл бір жағы. Бірақ бұл ретте алдын алу шараларына баса назар аудару керек деп есептейміз. Жастарымызға есірткінің абсолютті зұлымдық екенін мектептен бастап үйретуіміз керек.

Түрлі-түсті суреттері бар плакаттар белсенділердің жасап жатқан бір ғана жұмысы емес. Блогер, колледж оқытушысы Исламбек Әлжанов әлеуметтік маңызы бар «Закладка» фильмі үшін Ішкі істер министрлігінің марапатына ие болды. Ол да өз студенттерімен бірге сессияға қатысушылардың қатарында болды.

ИСЛАМБЕК ӘЛЖАНОВ, КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫСЫ, БЛОГЕР

Жастармен жұмыс істегендіктен оларға ылғи бүйрегім бұрып тұрады. Болашақтарына алаңдаймын. Сондықтан, шығармашылық топпен бірге «Закладка» деген атпен видеоролик түсіруді шештік. Онда студент оңай ақша табудың жолына түсіп, ақыры темір торға қамалатындығы айтылады.

Ішкі істер министрлігі кеңесінің келесі сапары Қарағанды және Ақмола облыстарына жоспарланған.

Жанасыл Серікбол