Бала құқығы басты назарда. Ал, олардың қауіпсіздігі тұтас қоғам алдындағы міндет. Бұл орайда ата-аналар мен педагогтарға артылар жүк аз емес. Ақтоғай ауданында осы мәселердің терең қаузаған форум өтті. Шараға біздің түсірілім тобы да куә болды.

Ақтоғай ауданындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларын қамтыған форумда бала құқығы мен қаупсіздігі жайлы кеңінен сөз болды. Алдымен буллинг тақырыбында дайындалған арнайы фильм көрсетілді. Онда өз достары мен сыныптастары моральдық және физикалық қысым көрсеткен оқушының жанқиналысы баяндалады.

Форумға Павлодар қаласынан бала құқықтары мәселесімен тікелей айналысып жүрген мамандар қатысты. Олар барлық заңнаманы, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігі жөнінде көп мағұлмат айтты.

СӘУЛЕ ШӘКЕНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ

Қазіргі уақытта әр түрлі құқық бұзушылықтар тіркеліп жатыр. Оның ішінде күш қолдану әрекеттері де бар. Соңғы уақытта жүргізіліп жатқан үлкен ағартушылық жұмыстың арқасында құрбандар үнсіз қалмай, өздері туралы ашық айта бастады. Бұл былтыр Президент қол қойған заңнамалық актінің, бірлесіп атқарған үлкен жұмыстың арқасы.

Иә, көптеген шаралар, ауқымды жобалар атқырылып жатыр. Ағартушылық бағытқа басымдық берілген. Осылайша, баланы жастан тәрбиелеу жолында басты қадамдар жасалуда. Нәтиже же жоқ емес.

БИБІГҮЛ ХАМЗИНА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ ТОБЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ

Кәмелетке толмаған арасындағы құқықбұзушылық динамикасы әрқашан бақылауда. Биылғы жылдың екі айының қорытындысы бойынша балалар арасындағы қылмыс саны азайғаны аңғырылады.

«Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей». Бала жастан берілген құндылықтың жемісі де мол. Құқығы тапталмай, ешкімнен зәбір көрмей өскен баланың болашақта қоғамға берері көп.

Форум аясында оқушылар да сөз алып, көкейлеріндегі сұрақтарйны қойды. Ой алмасты.

Жанасыл Серікбол