Мүгедектігі бар балалар мен ересектерге әлеуметтік қызмет көрсететін «Самал» оңалту орталығының тағдыры көпшілікті алаңдатып отыр. Ширек ғасырдан астам уақыт жұмыс жасаған мекеменің жағдайы не болмақ? Тілшіміз айтсын.
«Самал» оңалту орталығы 30 жылға жуық осы ғимаратта жұмыс істейді. Жақында мүгедектігі бар 80 нен астам бала мен ересектер әлеуметтік қызметсіз, ал қызметкерлер жұмыссыз қалуы мүмкін, деген хабар тарады. Жапы «Самал» оңалту орталығы Назарбаев көшесі 42/2 мекенжайында орналасқан. Бұл жерде ата-аналар мүмкіндігі шектеулі балаларын күні бойына қалдыра алады. Енді орталық соңғы жаңашылдықтарға байланысты лицензиялаудан өту керек.
ГҮЛБАРАМ БЕЛЯЛОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Лицензия қолжетімділігі жоғары мекемелерге беріледі. Яғни олар жалға алынған немесе жеке өздерінікі болу керек. Штат болу керек. Жылдар бойы істеп тұрған Самал орталығына келсек, ғимарат қолжетімсіз болып шықты. Мүгедектерге қызмет ұсынатын ғимарат толық қолжетімді болу керек. Санитарлық тораптар, есіктер кең болып, екінші қабатқа көтерілу қиындықсыз болу керек. Ол үшін әкімдікпен жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстары жүргізілген уақытта орталықтың 78 қызмет алушысы өңірдің басқа мекемелеріне жіберіледі. Ал, күрделі жұмыстар аяқталғаннан кейін орталық сенімгерлікке тендер арқылы беріледі. Ол тендерге «Самал»-да қатыса алады.
ГҮЛБАРАМ БЕЛЯЛОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Біріншіден біз Самалдың ғимаратын ешкімнен ала алмаймыз. Ол мемлекеттің балансындағы ғимарат. Оны басқару үшін сенімгерлік басқару бойынша тендер ойнатылады. Лицензиясыз ғимараттың конкурсына қатысуға болады, ал лицензия мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін қажет. Сондықтан «Самал» бұл тендерге еш қиындықсыз қатысады.
Айта кетейік, орталық осы 1-2 айда қызмет алушыларды мекемелерге орнатады. Кейін смета әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталады.