«Жасыл ел» штабы мен оқушылар сарайы бірлесе отырып, экологиялық шара өткізді. Онда емен ағашының тұқымы егіліп, жасөспірімдер табиғатты аялау акциясына бір үлес қосты. Толығырақ

алдағы сюжеттен көріңіз.

Балалар үшін табиғатпен тығыз байланыс орнату өте маңызды. Олар ағаштың өсіп, қоршаған ортамен өзара байланысын бақылау арқылы табиғатқа жауапкершілікпен қарауды үйренеді.Оқушылар емен ағашының тұқымын отырғызу арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті ерте бастан тәрбиелеп, экологияны қорғау жолындағы маңызды қадамды бастады.

АРИНА КРАСКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ШТАБЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Бізде былтыр мұндай шаралар көптеп өтті. Яғни, сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылды. Биыл өңірімізде осыны жалғастырып, «Жасыл ел» аллеясын қою жоспарымызда бар. Басты мақсатымыз балаларға шағын қадамнан жасыл болашақты қалыптастыра алатынын көрсету, сол арқылы белсенді әрекет етуге шақыра түсеміз деп ойлаймын.

Шараға барлық қала мектептерінің оқушылары қатысты.Оларға білгені мен тәжірибесін бөлісу мақсатында Юрий Гашек ашық сабақ берді. Білікті маман 20 жылдан астам уақыт бойы экология және ағаш отырғызумен айналысады.

ЮРИЙ ГАШЕК, ҚОҒАМДЫҚ ҚОР ТӨРАҒАСЫ

Экологияны қорғау үшін бүкіл халық жаппай үлес қосу керек. Әр адам жердің ресурстарын пайдаланады. Біз көпқабатты үйлері көп, ал ағаштары аз қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Керісінші болуы үшін, ағаштарды көп отырғызу керекпіз. Сондықтан жасыл желектерді өсіру қоршаған ортаны қорғаудағы ең маңызды әрекеттің бірі болып табылады. Әсіресе оқушылардың үлес қосуы өте маңызды.

Иә, мұндай шаралар кейінгі буынды табиғатқа қамқор болуға баулиды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға сеп болады.

ЖАНСАЯ СЕЙІТХАН, ҮШТЕРЕК АУЫЛЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ (АҚСУ ҚАЛАСЫ)

Мен бұл акцияға қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімді қосу үшін қатысып отырмын. Жалпы қоршаған ортаны қорғау маңызды боп саналады, және оның ішінде ағаш отырғызу ең қарапайым, бірақ маңызды жолдардың бірі боп табылады. Одан кейін жалпы, теректер ауланы тазартады, көлеңке береді, топырақты қорғайды. Сондықтан әр адам табиғатқа үлесін қосып, жауапкершілікпен қараса біздің әлеміміз жаңара түсіп әрі жайлы болады деп ойлаймын.

Бұл шара қоршаған ортаны қорғап, жасыл аймақтарды көбейтуге және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Акция жалғасын табады.

Қымбат Садық