Мектеп оқушылары қара жорға билеп, сайысқа түсті. Мың бұрала билеген бишілер қара жорға сайысы бойынша кіл мықтыны анықтады. Сайыс барысын әріптесім тарқатып айтсын.
50-ге жуық қатысушы қара жорға биі бойынша бәсекеге түсті. Жалпы, төрт мектеп оқушылары белсене қатысты. Ал қатысушылардың өнерін кәсіби хореограф мамандары бағалады. Мектеп мұғалімдері дәстүр мен ұлттық өнерді насихаттау ұстаздардың маңызды әрі жауапты міндеті деп санайды.
ТЕМІРЛАН ЕРМЕК, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ К.МАКПАЛЕЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ МҰҒАЛІМІ
Адам бірінші өзінен бастау керек. Яғни біз ұстаз ретінде оны дәріптей білу керекпіз. Болашақ ұрпаққа көрсетіп оны үлгі тұтсақ біздің болашақ кемел ұрпағымыз мықты болмақ деп есептеймін.
Қара жорға биі – қазақ халқының ұлттық биі. Жалпы түркі халықтарының мұрасында да ерекше орын алады. Қара жорғаның мәні мен әуені қазақ халқының өмірін, салт-дәстүрін, мәдениетін және рухани әлемін бейнелейді.
Айта кетейік, Камал Макпалеев атындағы мектеп осындай сайыстарды дәстүрлі түрде әр жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.
Байтұрсын Жұмабай