Жеке құрамның 54 қызметкері мен 10 бірлік техника жұлмылдырылып стратегиялық нысанда өрт сөндірді. Жалын уақытылы оқшауланып, ауыздықталды. Тактикалық оқу жаттығуларға тілшіміз барып келді.

Сценарий бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының операторлық бөлімінде өрт орын алып, оған 10-нан астам техника мен 50-ден астам адам қатысты. Нысанда болған оқу жаттығу шаралары өрт сөндірушілердің дағдыларын тағы бір мәрте тексеру мақсатында өтті.

Кейбір кездері ғимараттарда орын алған өртті сөндіру үшін түрлі қиындықтар болады. Мәселен, жеке құрам көп жағдайда нысанның ішкі құрылымын білмей жатады. Осы ретте осындай оқу-жаттығулардың ұйымдастырылуы маңызды. Айта кетейік, биыл төтеншеліктер 4 стратегиялық нысанда дәл осындай арнайы тактикалық оқу іс шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

АЛМАС ҚАЛИЕВ, ТЖБ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІНІҢ КӨМЕКШІСІ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ

Бүгін 2025 жылы 18 наурызда Қазақтелекомның базасында оқу жаттығу өткіздік. Тактикалық басты - мақсаты сипаттамасын білу, адамдарды құтқару туралы оқу жаттығулары өткізілді.

Тактикалық оқу жаттығу шарасына жеке құрамның 54 қызметкері мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.

Самал Қалиқызы