Атамекен кентінде Наурыз мейрамына орай қазақша күрестен ашық біріншілік өтті. Өңірдің әр ауданынан келген палуындар ептіліктерін көрсетіп, ұлттық спортты ұлықтады.

Спорттық додада 20 қатысушы екі санатта бақ сынады. 90 келіге дейінгі және 90-нан жоғары салмақта палуандар өз ара мықтыны анықтады.

СҰҢҒАТ ӘБІЛЕВ, «SUNQAR» СПОРТ КЕШЕНІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі осы жарысымызды қазақтың ұлттық спорт түрі....ашық біріншілік өткізіп жатырмыз. Облысымыздан жандақтан ұсыныс тастап палуандар қатысып жатыр.

Күрес ережесі бойынша палуан қарсыласын өткір қадамдарымен өкпесінен түйреп, жауырынынан асырып лақтырып жіберді. Осылайша жеңімпаз атанады. Олимпиадалық резерв қатарындағы бозбалалар да осы жерде.

МАДИЯР ТУЛЕНОВА, ҚАТЫСУШЫ

Бұл жекпе-жекте қарсыластың ойы мен қадамын алдын ала болжау өте маңызды. Сол себепті әр қимылды жасамас бұрын, жан-жақты ойлап, стратегиямен әрекет ету керек.

Бас жүлде Атамекен кентінің спортшысы Арман Уралтаевқа бұйырды. 2 орын Майқайын кентінің намысын қорғаған Мұхтар Дәлелханға бұйырды. Ал Щарбақтылық Темірғалы Құдайберген 3 орынды иеленді.

Байтұрсын Жұмабай