Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеу қажеттігін ескертті. 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті жүргізуге тыйым салынады. Егер мопед тіркелмесе, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қазір елде 8527 мопед ресми тіркелген. Оны тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлік пен мопедтің техникалық құжатын алған жөн. Өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.
ШЫҢҒЫС ӘЛЕКЕШОВ, ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ
Құрметті азаматтар! Естеріңізге сала кетейік, мопедтерді тіркеп үлгеру үшін екі аптадай ғана уақыт қалды. Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады. Мұндай құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделеді. Қазіргі уақытта республика бойынша 8527 мопед тіркелді. Оны тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге келесі құжаттарды алу керек: жеке басты куәландыратын құжат, электронды түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер.
ІІМ өкілдері мопед иелерін тіркеуді кейінге қалдырмауға шақырады. Бұл – заң бұзушылықтың алдын алу үшін маңызды науқан.
Сабина Жолдаспаева