20 наурыздан бастап «Шоқан. Қашқария сапары» атты толықметрлі мультфильмі еліміздің барлық кинотеатрынан үлкен экранға жол тартады. Бұл «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Balapan» телеарнасы ұсынып отырған толықметрлі алғашқы анимациялық туынды.
Фильмнің басты кейіпкері 8 жасар Азат есімді бала мен Шоқан Уалиханов. Оқиға баланың уақыт компасы арқылы кенет 1858 жылға, Қашқарияға бара жатқан керуенге тап болуынан басталады. Осылайша болашақтан келген бала мен ғалымның жолы бір арнаға тоғысады. Әрі қарай хикаяны кинотеатрдан тамашалауға болады. Тарихымызды танытар туындыны, отбасы, балалармен бірге келіп көруге болады. Отандық анимацияны бәріміз бірге қолдайық!