Былтыр Павлодар облысы 1 жарым млн гектардан астам алқапқа тұқым сепкен. Бұл көрсеткіш биыл да төмендемейді. Былтырғыдан 123 мың гектарға артық болады.

Майлы дақылдар 395 мың гектарға. Күнбағыспен қатар зығыр да егіледі. Дәнді дақылдардың үлесі 953 мың гектар. Сондай-ақ, 26 мың гектарға картоп, бақша көкеністері 8,4 мың гектар шамасында.

ДАРХАН ДОЩАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тәжірибелік стансасы арқылы болжам жасалған себепті мамыр айының үшінен бастап, маусымның бесі аяқтаймыз ба деп жоспарлануда. Жиырма жеті мың алты жүз дизель отыны бөлінді. Екі оператор белгіленген. Жалпы бағасы нарықтан 51 теңгеге төмендеу. 244 теңгеден болады.

Арзандатылған дизель отыны кезең-кезеңімен берілуде. Қазір он екі мың тоннасына келісім жасалған. Бұдан бөлек, жылдағыдай шаруаларға субсидия бөлінеді. Субсидия. Биыл 4,1 млрд теңге шамасында қарастырылып отыр.

Жанасыл Серікбол