Павлодар қаласында биыл 11 жеделсаты ауыстырылуы тиіс. Тұрғындар көпқабатты үйлердің апатты жағдайдағы лифтін ауыстыру үшін қайда жүгіне алады? Тілшіміз біліп қайтты.
Павлодар қаласында жалпы 1308 көппәтерлі үй бар. Оның ішінде 438 үйде лифт бар. Облыс орталығында жеделсатылардың 70 пайызы жаңартуды қажет етіп отыр. Айта кетейік, лифтер тұрғындардың өз есебінен ауыстырылады.
АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Бірден түсіндіріп алу керек, жеделсатылар үйдің төбесі, жертөлесі, кіреберістері сияқты кондоминиумның мүлкіне жатады. Яғни тұрғындарға тиесілі. Тұрғын үй қатынастары заңнамасы аясында жеделсатыларды күту, ауыстыру үй иелерінің мойнында.
Соңғы жылдары Павлодарда лифтер «Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамыту концепциясы» аясында жаңартылып келеді. Шешім үй иелерінің жалпы жиналысында шығады. Тұрғындардың 3-тен екі бөлігі қолдап дауыс беру керек.
АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Үй иелері тиісті құжаттармен тұрғын үй инспекциясына немесе аталмыш бағдарламаның операторы «Горкомхоз» ЖШС-не жүгінуі керек. Бүгінгі таңда 33 көпқабатты үйдің жеделсатыларды ауыстырылды. 2025 жылы тағы 11 үйде лифтілерді жаңарту жоспарланып отыр. Құны 15-20 млн теңге аралығында, бұл оның жүк ауырлығына, шахтаның көлеміне, үйдің қабатына байланысты.
Тұрғындар апатты жеделсатыларды ауыстыруға өтінімдерді Кривенко 25 көшесі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің №701, 711 кабинеттеріне келіп бере алады. 623321 нөміріне қосымша хабарласып ақпарат алуға болады.
Самал Қалиқызы