Облыс орталығындағы Аманжол Шәмкенов атындағы лицей – мектебінде домбыра үні республикалық челленджі ұйымдастырылды. Жас домбырашылар бір уақытта ұлтық аспаптың құдіретін сезіндірді. Олар халық күйі «Тепең көк», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Дәулеткерейдің «Көроғлы», Құрманғазының «Сарыарқа» шығармаларын орындап көрермен көзайымына айналды. Ұлттық нақышты дәріптейтін бастамаға 120-ға жуық домбырашы қатысты. Толығырақ тілші сюжетінде.

Челлендж – еліміздегі барлық білім беру мекемелерін біріктіріп, мерекелік атмосфера қалыптастыруға, жастардың өз еліне және Отанына деген мақтаныш сезімін дамытуға бағытталған республикалық ауқымды акция.

Мұндай челлендждер жастардың ұлттық мұраға деген құрметін арттырып, ел бірлігін нығайтуға септігін тигізеді. Мереке барысында қатысушылар қазақтың төл өнеріне деген махаббаттарын тағы бір мәрте көрсетті.

Дильназ Куанышбекова