Әлемдік опера жұлдызы Мария Мудряк туған жерінің сахнасында өнер көрсетіп, шығармашылық кеш өткізді. Оған «Астана балет» театрының симфониялық оркестрі, дарынды дирижер Элмар Бурибаев жетекшілік етті. Толығырақ алдағы сюжетте.
«Астана балет» театрының гастрольдерінің соңғы күні әлемге әйгілі опера әншісі және біздің жерлесіміз Мария Мудрякпен бір сахнада өнер көрсету болды. Сахнада «Трубадур» операсынан Леонордың ариасы, «Богема» операсынан және Мими мен Джудиттаның ариасы орындалды.
МАРИЯ МУДРЯК, ОПЕРА ӘНШІСІ
Мен үшін туған қаламның киелі сахнасында, алғаш рет өнер көрсете бастағанымды білетін сахнада кеш беру, ән айту үлкен құрмет және қуаныш леп білемін. Сахна сыртының бәрі таныс, бәрі маған жақын, жылы естеліктер мен сезімдердің бәрі есімде. Әрине, мұндай концертті туған жерімде өткізу мен үшін үлкен қуаныш болды.
Айта кетейік, опера кешінде павлодарлық көрермендер үлкен әсер алды. Тек опера әншісіне ғана емес, «Астана балет» театрының әртістеріне де жиналған қауымның қошеметі де жоғары болды. Осы тұста айта кету керек, Мария Мудряк пен Элмар Бурибаев екеуі де әртрүлі уақытта Милан консерваториясында білім алған екен, Әнші мен оркестр арасындағы үзілістерде оркестр «Свадьба Фигаро» операсының увертюрасын, Эдвард Элгардың «Торжественный маршын», Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Қазақ биін» орындап, көрермендерді қуантты.
Әнші елге жиі келіп, тыңдармандарыммен қауышып тұруға әрдайым қуанышты екендігін жеткізді.
Қымбат Садық