Павлодар әуежайының ұшып-қону жолағын реконструкциялау жұмыстары басталуда. Оны жөндеу керектігін мемлекет басшысы 2022 жылдың қазан айындағы сапары кезінде тапсырған еді. Аймақ басшысы Асайын Байханов маңызды нысанды жөндеудің мән-жайымен танысты.

Аймақ басшысы қайта қалпына келтіру қарсаңында әуежайды аралап шықты. Асайын Байханов әуежай Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы стратегиялық тиімді бағытта орналасқанын еске салды. Бұл - болашақта халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар деген сөз.

Жобалаушылардың айтуынша, терминал Астана әуежайындағы елорда терминалының үлгісі бойынша жобаланған. Жолаушыларға келетін және кететін жеке кіреберістер, эскалаторлар, кең күту залдары, тіркеу және қауіпсіздік аймақтары, әуе кемелеріне отырғызуға арналған реактивті көпірлер, бизнес-залдар және заманауи қауіпсіздік жүйесі бар екі деңгей қарастырылған.

Әуежайдің қауіпсіздігі арттыру мен қызмет сапасын көтеру павлодарлықтар үшін үлкен логистикалық мүмкіндіктер бермек.

Жанасыл Серікбол