Жылыту маусымы басталған кезде апаттық жағдайлар да көбейіп кетеді. Әсіресе балалардың зардап шегетіні ауыр. Өрттің алдын алу мақсатында Аққулы ауданында төтеншеліктер рейд жүргізді.

Осыған байланысты Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту шеңберінде бірлескен мүдделі мемлекеттік органдармен балалардың қауіпсіздігіне және халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аудара отырып, профилактикалық іс-шаралар қарқынды жүргізуде.

Шыңғыс Адалбұлов, Аққулы ауданы ТЖБ бастығы

Жүргізіліп жатқан шараның басты мақсаты – жылыту маусымында өрттің алдын алу. Ауданда 3 мыңға жуық тұрғын шарамен қамтылды. Ерекша назар аударылуда.

Профилактикалық іс шараларды жүргізу кезінде халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аударылады. Есепте тұрған 56 үйге қажетті қолдау көрсетілді. Аудан бойынша ауылдық округтердің әкімдіктерімен 18 улы газ датчигі орнатылды. Сонымен қатар, Шақа, Майқарағай, Малыбай ауылдарына да мамандар барып, тұрғындармен кездесіп, өрттің алдын алу бойынша ақпараттандырды.

Самал Қалиқызы