Екібастұз шаһарында өңір әкімі Асайын Байханов пен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екіжақты келісім қала тұрғындары мен энергетика саласы қызметкерлерінің өмір сүру сапасын жақсартуға және бірқатар жобаларды іске асыруға бағытталған.
Облыс әкімі кездесу барысында әуелі экология мәселесі өңір үшін өзекті екенін атап өтті. Бұл ретте энергетика саласында жүзеге асатын жаңғырту жобалары қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтады. Алдағы уақытта бірнеше энергия блоктарын жаңарту жоспарда бар.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Ең бастысы экологияға қатысты сұрақтар. Сол сұрақтарға келетін болса біз жаңа ғана бірнеше энергобоктың болашақта жаңғырту қарастырылып жатыр. Сол жобалар басталады. Сол жобаларға сәйкес болашақта жоқ дегенде 20-30 пайызға біздің осы қатты қалдықтарды немесе шаңды ауаға шығару көлемі азаятаны болды. Ол үшін самұрық энерго басшылығына жалпы біздің үкіметке дәл осы жобаларды іске асырып жасап жатқаны үшін алғыс айтамыз.
«Самұрық-энерго» өңірдің негізгі өндірістік тірегі. Мыңдаған адамды жұмыспен қамтып отырған ірі жұмыс беруші. Оның тобына «Богатырь Көмір», Екібастұздың бірінші МАЭС-і, сондай-ақ Екібастұз жылу электр станциясы кіреді. Меморандум аясында көлемі 20 млдр теңге болатын әлеуметтік жобалар іске асырылады. Көпқабатты тұрғын үйлердің салынуына 12 млрд теңге, 2 балабақша құрылысан 4 млрд теңге, ал спорт кешеннің салынуына 2,5 млрд теңге жұмсалады.
Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-энерго» АҚ басқармасының төрағасы
Основной приоритет, капитал – наши люди. Негізгі басымдық – адам капиталы. Қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайын жасау мен жұмыс қауіпсіздігін арттыруға қомақты қаржы бөлінуде. «Самұрық-Энерго» өз әлеуетін пайдалана отырып, ұжымын, қала мен өңірді әлеуметтік қолдаудан тыс қалдырмауды көздейді. Осыған байланысты компания алдағы үш жылда бірқатар нысан тұрғызып, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруды жоспарлап отыр.
Жаңа нысандарды салумен қатар, компания Екібастұз қаласын көгалдандырады. Ол үшін жыл сайын автоматтандырылған суару жүйелерін ынталандыру үшін шамамен 100 миллион теңге бөлінеді. Ынтымақтастық бекітілді, құжатқа қол қойылды.
Екі жақты келісім өңір дамуына жаңа серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуына ықпал етеді.
Әйгерім Тоқпанқызы