2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Ол салық салу тәсілін түбегейлі өзгертеді, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетеді және бизнес пен жеке тұлғаларға арналған цифрлық сервистерді енгізеді.

1 қаңтардан бастап салық режимдерін оңтайландыру мақсатында арнаулы салық режимдерінің үш түрі әрекет етеді. Ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін.

Миргүл Мажимова, Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы

Қазіргі таңда бірінші қаңтардан бастап 28 ақпанға дейін өтпелі кезең белгіленген. Салық төлеуші кабинетінде белгіленеді. Хабарламада қандай режимге көшетіні туралы белгілейді. Қолданылу мерзімі бірінші қаңтарда деп анықталады.

Өзін өзі қамтығандар үшін ҚР Үкіметінің №994 қаулысымен 40 қызмет түрінің рұқсат етілген тізімі бекітілген. Егер сіздің ісіңіз осы 40 қызмет түріне сәйкес келмесе. Она аталмыш режимді қолдануға мүмкіндік болмайды.

Миргүл Мажимова, Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы

Өзін өзі жұмыспен қамтығандар үшін. Бұл жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет емес. 4 пайыз әлеуметтік төлемдеріне жұмсалады. Ол режимге өту үшін Е салық бизнес қосымшасы арқылы, онда егов мобайл арқылы. Өзінің атына аударылып отырады.

Өзін-өзі қамту режиміне өту үшін жеке тұлға «е салық бизнес» қосымшасын жүктеп, егов мобайл арқылы кіріп, өзін өзі жұмыспен қамтуды белгілеп, қандай іспен айналысатынын таңдайды. Қызметінің басталуы «Е салық бизнес» қосымшасында чекті қалыптастыру күнінен саналады. Мысалы, 16 қаңтарда бірінші чек қалыптасса, 1-31 қаңтар аралығында өзін өзі қамтығандар үшін арнаулы салық режимі қолданылады.

Самал Қалиқызы