Қыс қаһарына мінді. Облыста Жыл басынан бері үсік шалу дертімен 134 адам медициналық мекемелерге жүгінген. Үсік шалғандардың қазіргі жағдайы қандай? Дәрігерлер тұрғындарға қандай кеңес береді? Толығырақ келесі сюжетте
Күн райының күрт суытуына байланысты облыста үсік шалу бойынша медициналық көмекке жүгінгендердің саны артқан. Маусым басталғалы бері 24 адамды үсік шалған. 16 адамға ампутация жасалды.
Ирина Мищенко, Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы басшысының орынбасары
Данные время регион Қазірөңірде қақаған аяз орнады. . Осыған байланысты облыс тұрғындарын барынша сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Қажетсіз жағдайда сыртқа шықпауға, ал қала сыртындағы жолдарға шықпауға кеңес береміз. Егер шығу қажеттілігі туындаса, өте жылы киініп, өзіңізбен бірге термос алып жүрген жөн. Оқыс жағдай орын алса, бірден 112 нөміріне хабарласу қажет. Үсік шала бастағанын байқасаңыз, қармен қатты ысқылауға немесе бірден ыстық суға салуға болмайды. Адамды жылы жерге кіргізіп, жылы сусын беру керек.
Жыл басынан бері, жедел жәрдем желісі арқылы 134 шақырту тіркелген. Оның екеуі Екібастұз қаласында, бірі Ертіс ауылында және бір жағдай Павлодар қаласында болған. Кәмелетке толмаған балалар мен жүкті әйелдер арасында үсік шалу деректері тіркелмеген.
Асхат Мурсалимов, Павлодар қалалық №1 ауруханасының күйік бөлімшесінің меңгерушісі
Биыл суық ерте басталды. Алғашқы науқастар қазан айының соңында түсе бастады. Жақында қатты аяз кезінде бір азамат емханадан шығып, аялдамада тұрған кезде жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Жедел жәрдемнің қашан шақырылғаны белгісіз, шамамен жарты сағаттай жерде жатып қалған деген болжам бар. Науқастың екі қолы үсіп кеткен. Қазір ауруына байланысты жансақтау бөлімінде жатыр.
Мамандардың айтуынша, үсік шалу жағдайлары көбіне баспанасыз жүрген азаматтар мен алкогольдік ішімдік ішкен адамдар арасында жиі кездеседі. Олар көп жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгінбейді. Айта кетейік, алдағы күндері өңірде қатты аяз сақталады деп күтілуде. Мамандар тұрғындарды барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Дильназ Қуанышбекқызы